28.02.2007, 12:11 3273

Мемлекет басшысы 2008-жылдың 1-қаңтарынан бастап балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыларды көбейтуге тапсырма берді

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке 2008-жылдың 1-қаңтарынан бастап балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыларды көбейтуге тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша маңыз бере отырып, 2008-жылдың 1-қаңтарынан бастап баланың тууына байланысты берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақының көлемін 34 740 теңгеге дейін, яғни, екі есе көбейтуді тапсырамын",- деді президент бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жолдауында.

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке 2008-жылдың 1-қаңтарынан бастап балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыларды көбейтуге тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша маңыз бере отырып, 2008-жылдың 1-қаңтарынан бастап баланың тууына байланысты берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақының көлемін 34 740 теңгеге дейін, яғни, екі есе көбейтуді тапсырамын",- деді президент бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жолдауында.

"Бала бір жасқа толғанға дейін төленетін ай сайынғы жөргекпұл көлемі бірінші бала туғанда 5800 теңгеге дейін, немесе, 77%-ке, екінші бала туғанда - 6400 теңгеге дейін, немесе, 67%-ке, үшінші бала туғанда - 6900 теңгеге дейін, немесе, 150%-ке, төртінші бала туғанда - 7500 теңгеге дейін, немесе, 153%-ке көбейтілсін",- деді президент.

"Бұл шараны жүзеге асыруға арналған қосымша қаржыны келесі жылдың бюджетінде 9,5 млрд теңге көлемінде қарастыру қажет",- деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, "бұған дейін қабылданған осындай шара еліміздің халық санының тұрақты өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік жасады". "Мәселен, егер 2000-жылы 220 мың бала дүниеге келсе, 2006-жылы бұл сан 290 мы4ға жетті",- деді президент. "Тек 2005-жылы туу көрсеткіштерінің есебінен ел халқының табиғи өсімі 121 мың адамға жетті",- деді ол. "Жалпы алғанда кейінгі төрт жылда демографиялық өсім жарты миллион адамды құрады",- деді мемлекет басшысы.

Президент сонымен қатар жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілік пен босануға арналған міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізуді тапсырды. "Бұл ретте олардың зейнетақы аударымдары олар босануға байланысты демалыста отырған кезде және баласы бір жасқа толғанға дейін бағып-күтуге байланысты демалыста отырған сәтте жалғаса беруге тиіс",- деді ол. "Бұл жәрдемақылар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленуге тиіс. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 9,2 млрд теңге бөлу қажет",- деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны