18.03.2015, 20:19 3661

Мемлекет басшысы 5 шетел елшiсiнен сенiм грамоталарын қабылдады

"Еӊ алдымен баршаӊызды дипломатиялық қызметтерiӊiздiӊ Астана қаласында басталуымен құттықтаймын! Сiздерге өз мемлекеттерiӊiз бен бiздiӊ ел арасындағы екiжақты қарым-қатынасты одан ары нығайту, байланыс, ынтымақтастықты дамыту жүктелген. Сол мiндеттi абыроймен орындайды деп мен сенемiн", - дедi Н.Назарбаев.

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгiн Ақордада 5 шет мемлекеттiӊ Қазақстандағы төтенше және өкiлеттi елшiлерi ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа сенiм грамоталарын табыс еттi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Еӊ алдымен баршаӊызды дипломатиялық қызметтерiӊiздiӊ Астана қаласында басталуымен құттықтаймын! Сiздерге өз мемлекеттерiӊiз бен бiздiӊ ел арасындағы екiжақты қарым-қатынасты одан ары нығайту, байланыс, ынтымақтастықты дамыту жүктелген. Сол мiндеттi абыроймен орындайды деп мен сенемiн", - дедi Н.Назарбаев.

Елбасы, шет мемлекет елшiлерiнiӊ қызметi әлемде тұрақсыздық орнаған күрделi кезеӊде басталып отырғанын тiлге тиек еттi.

"Сiздердiӊ қызметтерiӊiз ынтымақтастықты кеӊейтiп, мемлекеттiӊ қарым-қатынасына тыӊ серпiн бередi деп үмiттенемiн. Сiздердiӊ Астанадағы дипломатиялық қызметтерiӊiздiӊ басталуымен тағы да құттықтаймын. Сiздерге зор табыс тiлеймiн. Бiз өз тарапымыздан жұмыстарыӊыз жемiстi болуына бар жағдайды жасап, көмектесетiн боламыз. Қонақжай қазақ жерiндегi жұмыстарыӊыз жемiстi болсын!", - деп түйiндедi Елбасы.

Мемлекет басшысына Кувейт Мемлекетiнiӊ Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Тарек Абдулла аль-Фарадж, АҚШ-тыӊ Қазақстандағы елшiсi Джордж Альберт Крол, Пәкiстан Ислам Республикасыныӊ Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Абдул Салик Хан, Болгария Республикасыныӊ Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Васил Петков, Сауд Арабиясы корольдiгiнiӊ Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Гурм бен Саид Аль-Милхан сенiм грамоталарын табыс еттi.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны