05.01.2009, 13:46 3155

Мемлекет басшысы 6-7 қаңтарда Алматыда жұмыс сапарымен болады

Мемлекет басшысы 6-7 қаңтарда Алматыда жұмыс сапарымен болады

Алматы. 5 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 6-7 қаңтарда Алматыда жұмыс сапарымен болады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 6 қаңтарда Н. Назарбаев "Alatau IT City". Арнаулы экономикалық аймақ аумағында "Ғылым және инновациялар" көрмесін тамашалайды.

Ал 7 қаңтарда мемлекет басшысы Алматыда "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша салынған бірнеше нысанды аралайды.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 6 қаңтарда үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы бойынша жабық кеңес өткізіледі деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны