08.04.2015, 19:35 3978

Мемлекет басшысы Абайдыӊ "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына барды

Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысы мәдени және рухани мұраларға бай екенін, оларды сақтау мен дамыту мемлекеттік саясаттыӊ басымдықтарыныӊ бірі болып қала беретінін атап өтті.

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы мұнда музей жәдігерліктерімен танысты және Семей қаласыныӊ шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысы мәдени және рухани мұраларға бай екенін, оларды сақтау мен дамыту мемлекеттік саясаттыӊ басымдықтарыныӊ бірі болып қала беретінін атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

- Шығыс Қазақстан - Абай, Шәкәрім, Мұхтар Иуезов туған киелі мекен. Олардыӊ шығармаларында тереӊ философия тұнып жатыр. Ұлы Абай барлық ұлттар бір әулеттіӊ балалары екенін жүз жыл бұрын айтқан. Біз бүгін елдегі достықты, тұрақтылықты нығайтудамыз. Көптеген елдер 100 жылда да жетпеген нәрсеге біз небәрі 23 жылда қол жеткіздік. Егер тәуелсіздік сақталмаса, ел экономикасы дамымаса және әлеуметтік мәселелер шешімесе, халыққа игілікке кенелмейді. Бүгінде барлық бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұрын Семейде жылу беруге байланысты проблема болды, 200 қазандық қаланы түтінге орайтын. Қазір бұл проблеманыӊ бәрі шешілді. Біз Семей ГЭС-ін салу мәселесін ойластырып жатырмыз. Жалпы, Қазақстан дұрыс жолда келеді, саяси тұрақтылықты, өзара түсіністікті және достықты сақтау қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткен қолдаулары үшін кездесуге қатысушыларға алғыс айтып, еӊбекте табыс тіледі.

***

Абайдыӊ "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы 1940 жылы құрылған.

20 мыӊнан астам жәдігерлік сақталып отырған мекемеде 82 адам жұмыс істейді. Музей экспонаттары қатарында Абай дәуірін, оныӊ қоғамдық қызметін сипаттайтын түпнұсқа құжаттар, этнографиялық және мұрағаттық материалдар, Шығыс классиктерініӊ сирек кітаптары, батыс философтарыныӊ шығармалары, ақын замандастарыныӊ естеліктері бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны