02.07.2015, 08:05 3426

Мемлекет басшысы "Аида" операсыныӊ қойылымына барды

Джузеппе Вердидіӊ әйгілі операсы Астана күніне орай жаӊа форматта -декорациялар мен шоу элементтерін, сондай-ақ отшашуды қолдану арқылы ашық кеӊістікте қойылды

Астана. 02 Шілде. Kazakhstan Today - Джузеппе Вердидіӊ әйгілі операсы Астана күніне орай жаӊа форматта -декорациялар мен шоу элементтерін, сондай-ақ отшашуды қолдану арқылы ашық кеӊістікте қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Спектакльдіӊ қоюшы режиссері - Ресейдіӊ халық әртісі Ю.Александров. Қойылымға арналған декорациялар Италия сценографы және режиссері Ф.Дзеффиреллидіӊ эскизі бойынша жасалды. Бұл жоба үшін Болгариядан тенор К.Чанев арнайы шақырылды. Сонымен қатар қойылымға "Астана Опера" театрыныӊ орындаушылары - жетекші солист Ж.Ғабдуллина, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткерлері Д.Хамзина, Т.Мұсабаев, Арменияныӊ халық әртісі Б.Туманян қатысты. Жалпы, спектакльге 300-ге жуық адам атсалысты, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны