18.09.2015, 14:53 4570

Мемлекет басшысы Ақылмандар кеӊесініӊ мүшелерімен кездесті

Кездесуге шет елдердіӊ көрнекті мемлекет қайраткерлері мен Нобель сыйлығыныӊ лауреаттары - Израильдіӊ бұрынғы президенті Ш.Перес, Польшаныӊ бұрынғы президенті Л.Валенса, Колумбияныӊ бұрынғы президенті С.Трухильо, Испанияныӊ бұрынғы премьер-министрі Х.Сапатеро, МАГАТЭ-ніӊ бұрынғы бас директоры М.Аль-Барадеи және басқалар қатысты

Астана. 18 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Кездесуге шет елдердіӊ көрнекті мемлекет қайраткерлері мен Нобель сыйлығыныӊ лауреаттары - Израильдіӊ бұрынғы президенті Ш.Перес, Польшаныӊ бұрынғы президенті Л.Валенса, Колумбияныӊ бұрынғы президенті С.Трухильо, Испанияныӊ бұрынғы премьер-министрі Х.Сапатеро, МАГАТЭ-ніӊ бұрынғы бас директоры М.Аль-Барадеи және басқалар қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесуге қатысушылар әлемдік саясаттағы, экономика мен халықаралық қауіпсіздік саласындағы ахуалды талқылады. Осы орайда еліміздіӊ сыртқы саясатқа қатысты бастамалары мен халықаралық қоғамдастықтыӊ әлемдегі түрлі қақтығыстарды шешу үшін күш жұмылдыруы барысындағы рөлі жөнінде мәселе қозғалды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар кездесуде Қазақстанныӊ қалыптасқан экономикалық жағдайда орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін қабылдап жатқан шараларына айрықша назар аударылды.

Қазақстан Президенті еліміздіӊ Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері туралы айтты.

Жолымызды бастаған тұста біз күн көру үшін күрестік, өйткені Қазақстанныӊ болашағы мен мүмкіндіктеріне қатысты болжамдар жағымсыз болатын. Мұндай перспектива бізге ұнамады, сондықтан батыл әрекет жасауға кірістік. Елеулі қиындықтыӊ бірі социалистік экономиканы нарық жолына түсіру еді. Үш жылда жекешелендіру жүргізілді, Орталық Азия бойынша еӊ ауқымды инвестиция тартылды. Қазақстан бүгінде бәсекеге қабілетті 50 елдіӊ қатарына, сондай-ақ өте мол көлемде инвестиция тартылған мемлекеттердіӊ жиырмалығына кіреді, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік шикізат нарығындағы бағаныӊ тұрақсыздығына байланысты Қазақстанда индустрияландыру саясаты жүзеге асырылып жатқанына, соныӊ арқасында соӊғы жылдары жүздеген жаӊа кәсіпорын салынғанына назар аударды. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта елде индустриялық-инновациялық бағдарламаныӊ екінші бесжылдығы іске асырылып жатқанын, оныӊ басты мақсаттарыныӊ бірі экономиканыӊ шикізат ресурстарына тәуелділігін жоспарлы түрде азайту екенін айтты.

Қазақстан Президенті еліміз көлік-логистика әлеуеті мен инфрақұрылым құрылысын дамытуға бағдар ұстағанына тоқталды. Бұл орайдағы жұмсалған күш-жігер бағыттарды әртараптандырып, өзге елдермен тауар айналымы көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Ұлттық қор сияқты "қауіпсіздік құралы" Қазақстанға белгіленген жоспарларын жүзеге асырып, әлеуметтік міндеттемелерін орындауды жалғастыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев елде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудыӊ маӊыздылығына, соныӊ арқасында бүгінде қазақстандықтар болашаққа нық сеніммен қарайтынына назар аударды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны