18.03.2013, 15:39 2984

Мемлекет басшысы әкімдердің есебінің қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді

Мемлекет басшысы әкімдердің есебінің қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президенті Икімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидоллва Ибдірахымов мәлім етті.

Астана. 18-наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы әкімдердің есебінің қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысы әкімдердің есебінің қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президенті Икімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидоллва Ибдірахымов мәлім етті.

"Ағымдағы жылы 8,5 мың кездесу өткізілді. 1 млн. астам адам қатысқан ол кездесулерде халық тарапынан 24 мыңнан астам сауал қойылды. Және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Президенті Икімшілігі бұл кездесулердің қорытындыларына талдау жасады. Жалпы алғанда тұрғындар тарапынан әкімдердің есеп беру кездесулеріне деген қызығушылық артып отыр", - деп атап көрсетті Ғ.Ибдірахымов.

Оның айтуынша, 2007 жылмен салыстырғанда кездесуге қатысушылардың саны 1,5 есеге ұлғайған.

"Талдау көрсетіп отырғандай, бүгінгі таңда ауыл тұрғындарын газ тарту, сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, әлеуметтік-мәдениет нысандарын қайта жаңарту мәселелері алаңдатады, ал қала тұрғындарын - қолжетімді баспана, балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамту, инфрақұрылым желілерін жөндеу, қоғамдық көлік қозғалыстарын ұйымдастыру, аулаларды абаттандыру және басқа да мәселелер толғандырады", - деді Ғ.Ибдірахымов.

Кездесулерге қатысқан халық жергілікті әкімдіктердің құзырларына кірмейтін және орталық органдар мен ұлттық компаниялардың қарауындағы мәселелер бойынша көп сауалдар қойған. Атап айтқанда, электр энергиясы, газ тарту, интернетті қамтамасыз ету және басқа да мәселелерді сөз етті.

Азаматтарды жұмыспен қамту проблемасы өңірлердегі ең өзекті мәселенің бірі болып қалуда. Жүргізілген талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, көптеген қалалар мен аудандарда халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар тиісті деңгейде жүзеге асырылмайды.

"Жүргізілген талдаулардың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке тапсырма берді. Атап айтқанда, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, әкімдердің есеп беру кездесулеріне орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың мүшелерін тартуды, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар деңгейінде шешімді талап ететін ұсыныстар мен мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын әзірлеуді міндеттеді", - деп хабарлады Ғабидолла Ибдірахымов.

Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған ҮИИД, "Бизнестің жол картасы-2020", "Жұмыспен қамту-2020" сияқты мемлекеттік бағдарламаларды және "ҚазАгро" инвестициялық жобаларын іске асырудың нәтижелігін арттыру туралы тапсырма берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті өзін-өзі басқаруды әрі қарай жетілдіру және жергілікті атқарушы органдардың жұмысына деген қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында есеп беру кездесулерінің форматына және олардың өткізілу мерзіміне өзгертулер енгізу жоспарлануда.

Мәселен, ауыл әкімдерінің есеп беру кездесулерін ең кем дегенде тоқсан сайын, аудан және қала әкімдерінің кездесулерін жылына екі реттен өткізуді қарастыру тапсырылды.

"Аталған тапсырмалардың іске асырылуын бақылауды Мемлекет басшысы Президент Икімшілігіне жүктеді", - деп түйіндеді өз сөзін Ғабидолла Ибдірахымов.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, мемлекеттік органдардың жұмыстары жайлы жұртшылықты хабардар етіп отыру үшін және мемлекеттік басқару үдерісіне халықты жұмылдыру мақсатында барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын есеп беру жиналыстарын өткізіп отырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны