21.08.2017, 15:57 5421

Мемлекет басшысы Ақмола облысында егiн алқабын аралады

Мемлекет басшысы аталған шаруашылықтыӊ астық алқаптарын аралап, сол жерде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен кездестi.

Көкшетау. 21 тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Ақмола облысында егiн алқабын аралады.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Зерендi ауданындағы "Ұмай жер" ЖШС-нiӊ егiн алқабын аралады. Мемлекет басшысы аталған шаруашылықтыӊ астық алқаптарын аралап, сол жерде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен кездестi. Сондай-ақ астық дақылдарыныӊ ахуалы мен жиын-терiн науқанына дайындық жұмыстарын пысықтады. "Сонау 90-шы жылдардыӊ орта тұсында не өндiремiз деген м?селе туындады. Ендi қазiр шығарған өнiмдi қайда сатамыз деген мәселе толғандыруда. Сондықтан мемлекет тарапынан бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргiзiлуде", - дедi Н. Назарбаев диқандармен кездесуiнде. Кездесу барысында шаруалар мемлекет тарапынан көрсетiлiп отырған қолдаулар үшiн Елбасына алғыстарын бiлдiрдi. Айта кетейiк, 2009 жылы құрылған "Ұмай жер" ЖШС-i бидай, майлы дақылдар өндiрумен айналысады. Шаруашылықтыӊ 26 мыӊ гектарға жуық жерi бар. Онда 130-ға жуық адам еӊбек етедi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны