15.09.2006, 12:51 2814

Мемлекет басшысы Ақпараттық технологиялар паркінде орналасқан компаниялардың қызметімен танысты

АЛМАТЫ. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматы іргесіндегі Алатау кентінде орналасқан Ақпараттық технологиялар паркінің ашылуына қатысып , жоғарғы технологиялар кешенін аралап көріп , кеңселері осы паркте орналасқан компаниялардың қызметімен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Бүгін біз тұңғыш ірі ақпараттық технологиялар паркін ашып отырмыз. Осы технопаркті құру идеясы менде біраз уақыт бұрын, атап айтқанда, 2002 жылы Үндістанның Бангалор қаласындағы ақпараттық технологиялар орталығын көрген кезде туындаған. Бұл жобаны біздің Илемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиямыздың "алғашқы қарлығашы" деп атауға болады. Өздеріңізге белгілі, мен өз Жолдауымда өңірлік IT-орталығы ретінде ақпараттық технологиялар паркін құру міндетін қойдым. Осы шешімді қабылдар алдында біз қаланың экологиялық жағдайын да ескердік. Алматының ауқымдылық жағынан бұдан әрі дамуы қарқын ала алмайды, бұл мегаполиске компьютерлік және нанотехнологиялық саланы терең дамытатын жаңа ресурстар қажет. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөніндегі басты мақсатымыз орайында бізге халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда қазіргі заманғы ғылыми орталықтар мен "технологиялық парктер" құру әрі дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқару керек. Сонымен бірге, ғылыми әлеуетті дамыту қолданбалы ғылымды өндіріске, бизнеске барынша жақындатуға бағытталуы тиіс, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

"Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы нысандары кешенінің құрылысы 2004 жылы басталған. Құрылысқа тапсырыс беруші АО "Инжиниринг және технологияларды трансферттеу орталығы" болып табылады. Парктің жалпы аумағы 342,9 гектарды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны