11.02.2008, 16:55 2927

Мемлекет басшысы АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Ричард Баучерді қабылдады

Мемлекет басшысы АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Ричард Баучерді қабылдады

Астана. 11 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Ричард Баучерді қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың перспективасын талқылады.

"Біз өңірдегі жағдайға қатысты кең ауқымды мәселелерді, Құрама Штаттар мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, атап айтқанда біздің елдеріміз арасындағы экономикалық қатынастарды дамытудың келешегін, алмасу бағдарламаларын кеңейту, энергетиканы дамыту мәселелерін талқыладық. Қазақстан мен Америка арасындағы қатынастар қарқынды дамып келеді және де екі мемлекет оны нығайтуға дайын. Сондай-ақ кездесу барысында біз Қазақстан қол жеткізген аса маңызды қадам - 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесіне көңіл бөлдік", - деді Ричард Баучер журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны