14.01.2009, 19:15 2924

Мемлекет басшысы АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы Дэвид Петрэусті қабылдады

Мемлекет басшысы АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы Дэвид Петрэусті қабылдады

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы Дэвид Петрэусті қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында өңірлік қауіпсіздік, лаңкестікпен күрес мәселелері, Ирактағы және Ауғанстандағы ахуал талқыланды.

Д.Петрэус "Қазбат" бітімгершілік батальонының Ирактағы жемісті қызметі үшін Қазақстан президентіне алғыс білдірді.

Сондай-ақ ол Ауғанстан экономикасын қалпына келтірудегі Қазақстанның айрықша рөлін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны