17.01.2018, 16:23 4622

Мемлекет басшысы АҚШ президентімен жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тыӊ Орталық Азия елдерімен "5+1" форматындағы ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі екенін айтты

Астана. 17 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті брифинг барысында Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны үшін Дональд Трампқа ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы келіссөздер нәтижелеріне оӊ баға беріп, Қазақстан мен АҚШ-тыӊ өзара қарым-қатынастарын одан әрі нығайту мәселелеріне тоқталды.

- Меніӊ сапарымныӊ нәтижесінде Қазақстан-Америка қатынастарын кеӊейтілген стратегиялық әріптестік деӊгейіне көтеру жөнінде шешім шығаратынымызға сенімдімін. Осыған орай біз бүгін Астана мен Вашингтон арасындағы өзара қарым-қатынастардыӊ жаӊа дәуірін бастайтын тиісті бірлескен саяси мәлімдеме қабылдадық, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тыӊ Орталық Азия елдерімен "5+1" форматындағы ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі екенін айтты.

Қазақстан Президенті халықаралық қауіпсіздікті нығайтып, қазіргі заманныӊ сын-сынақтары мен қауіп-қатерлерін бірлесе еӊсеру ісінде Астана мен Вашингтонныӊ өзара тиімді ынтымақтастық танытып отырғанын атап өтті.

- Қазақстан 2001 жылы АҚШ-тыӊ терроризмге қарсы күресін белсенді түрде жақтады, қазір де Ауғанстанда жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға қолдау көрсетіп отыр. Америка әскерініӊ Ауғанстанда болуы - тек АҚШ-тыӊ ғана емес, бүкіл әлемніӊ ісі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Ауғанстанға Қазақстан тарапынан көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек жөнінде айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті келіссөздер барысында Солтүстік Корея төӊірегіндегі ахуалға, сондай-ақ Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қатынастардыӊ күрделене түсуіне байланысты мәселелер талқыланғанын айтты.

- Біз Солтүстік Кореяға қатысты жаһандық мәселелерді талқыладық. Қазақстан дүние жүзіндегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартып, әлемдегі еӊ ірі сынақ полигонын жапты. Ядролық қаруы бар елдерге біз таӊдаған жолды ұсынуға моральдық құқығымыз бар. Иранмен де осылай сөйлестік. Солтүстік Кореяныӊ проблемаларын АҚШ, Қытай және Ресей елдерініӊ бірлесе шешкені маӊызды, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев екі елдіӊ экономикалық ынтымақтастығыныӊ қазіргі мәселелері мен оларды нығайтудыӊ перспективаларына да тоқталды.

- Қазақстанға АҚШ-тыӊ ірі мұнай компанияларынан 50 миллиард доллар инвестиция құйылды. Бүгін біз америкалық ірі бизнес өкілдерімен бірге дөӊгелек үстелге қатысамыз. Онда 7,5 миллиард доллардан асатын қаржыға 20-дан астам келісімшарт жасалатын болады. Сондай-ақ, біздіӊ елде АҚШ азаматтары үшін визасыз режім енгізілген. Соған сәйкес лайықты жауап болады деп үміттенеміз, - деді Мемлекет басшысы.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трамптыӊ басшылығымен қол жеткізіліп отырған АҚШ-тыӊ экономикалық дамуына жоғары баға берді.

АҚШ Президенті екіжақты диалогтыӊ маӊыздылығын атап өтіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтыӊ стратегиялық маӊызына тоқталды.

- Біз Сізді Ақ үйде қабылдағанымызға қуаныштымыз. Елдеріміздіӊ өзара ықпалдастығына қатысты маӊызды диалог жүргізу мақсатымен бүгін бізге келгеніӊіз үшін рахмет. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы АҚШ Қазақстанды мықты, егемен әрі тәуелсіз ел, Орталық Азиядағы маӊызды дос және стратегиялық серіктес ретінде қарастырып келеді, - деді Дональд Трамп.

АҚШ Президенті Қазақстан мен АҚШ-тыӊ ядролық қаруды таратпау және өӊірлік қауіпсіздікті нығайту ісіндегі бірлескен күш-жігерін атап өтті.

- АҚШ пен Қазақстан өӊірде және одан тыс жерлерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін бірлесе жұмыс жүргізді. Біз Қазақстандағы ядролық қаруды және оныӊ инфрақұрылымын жойып, балаларымыз үшін қауіпсіз әрі салауатты болашақты бірлесе қамтамасыз еттік. Бүгін Қазақстан Президенті екеуміз біздіӊ қарым-қатынастарымыз халықтарымыздыӊ қауіпсіздігіне, өркендеуі мен әл-ауқатына қалай септігін тигізетініне қатысты диалог жүргізіп отырмыз. Корей түбегін денуклеаризациялау үшін күш біріктіру ісінде Қазақстан сенімді серіктес болып саналады. Біз Солтүстік Кореядағы режімніӊ бүкіл әлемге ядролық апат қаупімен сес көрсетуін тойтаруға бел буып отырмыз, - деді АҚШ Президенті.

Дональд Трамп Ауғанстан мәселесін шешуге атсалысқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

- ИЛИМ-мен және "Талибанмен" соғыс жүргізіп жатқан біздіӊ қарулы күштерге Қазақстан мейлінше қолдау көрсете беретіні жөнінде Президенттіӊ маған сеніммен айтқан сөзін аса жоғары бағалаймын, - деді Ақ үйдіӊ басшысы.

Сондай-ақ, Дональд Трамп көршілерін құрметтейтін және өз тағдырын бақылауда ұстайтын Қазақстан сияқты елдермен АҚШ ынтымақтастықты нығайта беретінін айтты.

- Қазақстанныӊ 2050 жылға қарай жаһандық экономиканыӊ алғашқы отыздығына кіруді жоспарлап отырғанын Президенттіӊ мәлімдегеніне ризамын. Ол Қазақстандағы іскерлік ахуалды жақсарту үшін жұмыс істеуде. Бұл арқылы Америка компаниялары үшін жаӊа мүмкіндіктер туып, жаӊа жұмыс орындары ашылады, - деді АҚШ Президенті.

Соӊында Дональд Трамп Қазақстанды дамыту және өркендету ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ рөлін тағы да атап өтті.

- Мен Сіздіӊ мықты басшылығыӊыздыӊ арқасында Қазақстан халқы қол жеткізген зор жетістіктерді көру мүмкіндігін асыға күтемін. Біз Қазақстанныӊ болашағы жарқын болғанын және оныӊ егеменді елді өркендетуге бағытталғанын қалаймыз. Осыны әлемніӊ барлық бейбітсүйгіш халықтарына да тілейміз, - деді Дональд Трамп.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны