28.09.2015, 11:02 3873

Мемлекет басшысы АҚШ-тыӊ ірі компанияларыныӊ өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында компаниялардыӊ Қазақстан экономикасыныӊ бұдан әрі дамуына қатысу аясын кеӊейту жолдары мен Астана халықаралық қаржы орталығын құру бағытындағы ынтымақтастықтыӊ мүмкіндіктері талқыланды

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кездесу барысында компаниялардыӊ Қазақстан экономикасыныӊ бұдан әрі дамуына қатысу аясын кеӊейту жолдары мен Астана халықаралық қаржы орталығын құру бағытындағы ынтымақтастықтыӊ мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шараға Guggenheim, JP Morgan, Pfizer, Blackstone және басқа да жетекші компаниялардыӊ, қорлар мен қаржы институттарыныӊ басшылары қатысты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Американыӊ бизнес өкілдеріне Қазақстанныӊ тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен дамуы жөнінде, сондай-ақ реформаларды жүзеге асырумен қатар, республиканыӊ халықаралық аренадағы беделін нығайту жолындағы қазіргі табыстары туралы әӊгімеледі. Егемендіктіӊ алғашқы жылдарында бірқатар америкалық компаниялар өз әрекеттері арқылы Қазақстанға тиімді инвестиция салудыӊ үлгісін көрсеткені атап өтілді.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ бүгінде АҚШ компаниялары іс жүзінде экономикамыздыӊ барлық саласына қатысып отырғанына назар аударды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті ел алдына қойылып отырған қазіргі маӊызды міндеттерге де егжей-тегжейлі тоқталды. Олардыӊ қатарында Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру, инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары, экономикаға мемлекеттіӊ қатысуын азайту және "Нұрлы жол" бағдарламасы аясындағы ауқымды инфрақұрылымдық құрылыс жұмыстары аталды.

Алдағы ЭКСПО-2017 көрмесіне және соныӊ аясында Астанада халықаралық қаржы орталығын құру мәселесіне айрықша назар аударылды. Мемлекет басшысы АҚШ компаниялары осы жобаларға белсене қатысатынына сенім білдірді.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев кездесуге қатысушыларды өзара тиімді негіздегі ынтымақтастықты дамыту ісіне атсалысуға шақырды.

Кездесуде сөз алған бизнесмендер елдіӊ инвестициялық тартымдылығын арттыру және әрі қарай даму үшін қажетті құқықтық, институционалдық, инфрақұрылымдық негізді нығайту бағытындағы Қазақстанныӊ күш-жігерін жоғары бағалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны