01.04.2016, 09:37 4072

Мемлекет басшысы АҚШ-тыӊ қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесті

Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы осы диалогты ұйымдастырғаны үшін Қорға алғыс айтты және бұл институт ғасырдан астам уақыт бойы халықаралық қатынастардыӊ дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы осы диалогты ұйымдастырғаны үшін Қорға алғыс айтты және бұл институт ғасырдан астам уақыт бойы халықаралық қатынастардыӊ дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті қазіргі заманғы әлем құрылымыныӊ проблемалары мен Қазақстанныӊ халықаралық аренадағы рөліне қатысты ой-пікірін ортаға салды.

Нұрсұлтан Назарбаев жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасырлар тоғысындағы ширек ғасырдыӊ ауқымды тарихи өзгерістер дәуірі болғанына, бұдан 25 жыл бұрын Қазақстанныӊ тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүре алатыны күмән тудырғанына назар аударды.

- Бізге жаӊа мемлекетті "нөлден" бастап құруға, жоспарлы әкімшілік жүйеден нарыққа, тоталитаризмнен демократияға көшуге тура келді. Қысқа уақыт ішінде мемлекеттілікті нығайту, заманауи нарықтық экономика құру және қоғамды жаӊғырту жөнінде зор жұмыстар атқарылды, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміз жүзеге асырып жатқан "100 нақты қадам" Ұлт жоспары туралы да айтты.

- Жоспарды жүзеге асыру ХХІ ғасырда барынша теӊгерімді саяси жүйесі, дамыған азаматтық қоғам институттары мен білімге негізделген экономикасы бар Қазақстанды құруға бағытталады, - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті еліміздіӊ жаһандық антиядролық қозғалысқа қатысуы мәселесіне де егжей-тегжейлі тоқталды.

- Орталық Азияда ядросыз аймақ құру арқылы біз орнықты әлем географиясын қалыптастыруға шақырамыз. Бұл - Еуразияда, Латын Америкасында және Африкада алты ядросыз аймақ кеӊістігін кеӊейту деген сөз. Төмен байытылған уран банкін Қазақстанда орналастыру туралы МАГАТЭ-мен келісімге 2015 жылы қол қойылуы маӊызды қадам болды. Бұл - жаһандық ауқымдағы оқиға. Илем оны атомды қауіпсіз әрі бейбіт мақсатқа пайдалану ісіндегі маӊызды шара ретінде бағалауы тиіс, -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Иранныӊ ядролық бағдарламасы жөніндегі халықаралық келіссөздер үдерісіне Қазақстан әрдайым қолдау көрсетіп, оған іс жүзінде қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Қазақстан Президенті біздіӊ ел Жаһандық ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттерге белсене қатысуды маӊызды санайтынына назар аударды.

- Ажал себетін қаруларды ғарыш кеӊістігінде, әлемдік мұхит табаны мен бейтарап суларында, сондай-ақ Арктикада орналастыруға тыйым салатын іргелі шешімдер қабылдайтын уақыт келді. Ғылыми жаӊалықтарды жаппай қырып жою қаруларыныӊ жаӊа түрлерін жасауға қолдануды тыю жөніндегі халықаралық келісім мен БҰҰ реестрін әзірлеген жөн, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Жаһандық антиядролық қозғалыс құруды маӊызды міндет ретінде атады.

- Қазақстан бастамашылық еткен, халықаралық қолдауға кеӊінен ие болып келе жатқан "АТОМ" халықаралық жобасы осы мақсатқа арналған. Ядролық сынақтарға қатысты баршаға бірдей тыйым салу туралы шарттыӊ күшіне енуіне атсалысу жөніндегі 9-конференцияныӊ теӊ төрағасы ретінде Қазақстан оныӊ толық әмбебаптануын қамтамасыз етуге күш салуын жалғастыра береді, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманғы халықаралық қауіпсіздіктіӊ өзекті мәселелеріне де тоқталды.

- Адамзат ХХI ғасырға бейбітшілік пен жаһандық ынтымақтастықтыӊ жаӊа дәуірі ретінде үміт артты. Өкінішке қарай, барынша қауіпсіз және тұрақты әлем қалыптастыру мүмкіндігін жіберіп алды. Илемге тағы қауіп төніп тұр, оны елемеуге болмайды. Бұл қатер - жаһандық ауқымдағы жойқын соғыс, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті 1968 жылы қол қойылған Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өз мақсатын орындап отырмағанын, ал жаһандық ойыншылар арасындағы сенім дағдарысы ядролық қару қолдануды болдырмау кепілдігініӊ әлсіреуіне әкеле жатқанын айтты.

- ХХІ ғасырдыӊ еӊ өзекті мәселелерініӊ бірі ядролық терроризм қатері мен ядролық және радиоактивті материалдардыӊ заӊсыз айналымы болып отыр. Илем әлдеқайда қауіпті әрі болжаусыз жаӊа ядролық ғасырға қарай жылжып келеді. 60 жылдан астам уақыт бұрын әйгілі ғалымдар А.Эйнштейн мен Б.Рассел манифест жариялап, "Адам ұрпағы жойыла ма әлде адамзат соғыстан бас тарта ма?" деген маӊызды сауал қойды. Соғысты жою адамзат өркениетініӊ еӊ күрделі міндеті болып отыр. Бірақ одан басқа жол жоқ, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұл мақсатқа жету үшін әлем дамуыныӊ парадигмасында сапалы да тереӊ өзгерістер жасау, әлемніӊ барлық көшбасшыларыныӊ саяси ерік-жігері мен барлық мемлекеттіӊ күшін жұмылдыру қажеттігіне сенімді екенін айтты. Қазақстан Президенті осы міндеттерді шешу жолында еліміз қабылдап жатқан шараларды атап өтті. Олардыӊ қатарында Жаһандық стратегиялық бастама - 2045 Жоспарын әзірлеу бастамасы, халықаралық құқық қағидаттарын қуаттауға және сенімді қалпына келтіруге бағытталған БҰҰ-ныӊ жоғары деӊгейдегі халықаралық конференциясын шақыру жөніндегі ұсыныс, БҰҰ аясында халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимылдыӊ бірыӊғай жаһандық желісін құру, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина лидерлерініӊ Минск кездесуін, сондай-ақ "норманд төрттігі" келіссөздерін ұйымдастыруға ықпал ету шаралары бар.

Мемлекет басшысы жаһандық дағдарыстыӊ себебі әлемдік экономика мен қаржы жүйесініӊ өзегінде жатқан олқылықтарда екеніне сенімді екенін айтты.

- Төрт жыл бұрын біз барлық елдердіӊ дағдарысқа қарсы күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған "G-Global" бастамасын ұсындық. Илемдік даму проблемаларын 8 немесе 20 мемлекет емес, бүкіл халықаралық қоғамдастық шешуі тиіс. "G-Global" аясында Астана экономикалық форумында кеӊінен қолдау тапқан Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы жоспар әзірленді, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев біздіӊ ел өз кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесініӊ 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне ұсынғанын еске салды және ол қолдау табады деп сенетінін айтты.

Мемлекет басшысы Еуразия өӊірініӊ дамуына қатысты да өз ойларын ортаға салды.

- Еуразия өӊірі - әлемдік саясаттағы негізгі геосаяси және геоэкономикалық фактор. Бұл жерде Қытай мен Ресей, АҚШ және Еуроодақтан бастап, Үндістан, Иран және Түркияға дейінгі барлық жаһандық ойыншылардыӊ мүдделері тоғысып отыр. Өӊірдегі қақтығыс ықтималдығын ынтымақтастық пен ықпалдастықты тереӊдету арқылы азайта отырып, өӊірлік үдерістерді сындарлы арнаға бұру өте маӊызды. Сондықтан да мен Біріккен Еуразиялық экономикалық кеӊістік құруды ұсындым, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтыӊ қызметі туралы айтып берді.

- Бұл - тауар, қызмет, капитал, еӊбек ресурстары қозғалысыныӊ бірыӊғай ережелері бар экономикалық бірлестік. КСРО-ны қайта құру туралы әӊгіме мүлде жоқ екенін атап айтқым келеді. "Қырғиқабақ соғыстыӊ" осы стереотиптерінен арылу керек. Олар болашаққа көз жіберуімізге кедергі келтіреді. Еуразиялық экономикалық одақ - тек экономикалық жоба, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті биыл еліміз бен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастар орнатылғанына 25 жыл толуымен ерекшеленетініне назар аударды.

- Қауіпсіздік және ядролық қару таратпау - ынтымақтастығымыздыӊ уақыт сынына өткен тұғырнамасы. Біз халықаралық қауіпсіздік саласындағы маӊызды қадамға айналған Ядролық қауіпсіздік саммитін өткізу туралы Вашингтонныӊ бастамасын толық қолдадық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Мемлекет басшысы еліміз ядролық қарусыздану және ядролық қару таратпау саласында күш-жігер жұмсауын табанды түрде жалғастыра беретінін айтты.

- Болашақ туралы ойлаған кезде мен бұрынғы КСРО-дан бізге мұра боп қалған еӊ соӊғы ядролық заряд Қазақстан аумағынан әкетілген тарихи датаны - 1995 жылғы 24 сәуірді жиі еске аламын. Екі жүз жыл бұрын АҚШ Президенті Авраам Линкольн: "Жауапкершіліктен бүгін жалтару арқылы одан ертеӊ де құтыла алмайсыӊ" деген екен. Ондаған жылдар бойы жер тітіреткен жарылыстардан жапа шеккен халқымныӊ мұӊ-зарын сезініп, қолдауына сүйенген мен ядролық қарудан ада әлем туралы арманға риясыз сенемін, - деп түйіндеді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев сөзініӊ соӊында кездесуге қатысушылардыӊ бірқатар сұрақтарына жауап берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны