17.09.2015, 19:25 4449

Мемлекет басшысы Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маӊғыстау облыстарыныӊ әкімдерімен кеӊес өткізді

Кеӊесте инвестициялар және даму министрі И.Исекешов, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқармасыныӊ төрағасы С.Мыӊбаев, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ басқарма төрағасы А.Мырзахметов баяндама жасады

Астана. 17 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Кеӊесте инвестициялар және даму министрі И.Исекешов, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқармасыныӊ төрағасы С.Мыӊбаев, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ басқарма төрағасы А.Мырзахметов баяндама жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шара барысында Мемлекет басшысы Қазақстандағы өнеркәсіптік өнімдердіӊ жартысы елдіӊ батыс өӊіріндегі төрт облыста өндірілетінін атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл облыстардыӊ дамуыныӊ бүкіл экономикамыз үшін маӊызы зор. Жер аумағыныӊ үлкендігіне байланысты елдіӊ әр өӊірініӊ өзіндік ерекшелігі бар. Батыс мұнай өндіруге және өӊдеуге маманданған. Соған байланысты біз нақ осы саланыӊ дамуына мол инвестиция салып жатырмыз, - деді Қазақстан Президенті.

Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев өӊірде инфрақұрылымдық құрылыс ауқымын кеӊейту қажеттігіне тоқталды.

Жаӊа экономикалық ахуал біздіӊ индустриялық бағдарымыздыӊ дұрыстығын тағы көрсетті. Сол себепті мен бүгін кабель өндіретін және мұнай саласына арналған ауыр жабдықтар шығаратын екі зауытты барып көрдім, бұлар - маӊызды әрі қажетті нысандар, - деді Мемлекет басшысы

Қазақстан Президенті әкімдердіӊ назарын мұнай-газ саласыныӊ айналасында шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігіне аударды.

Атырау облысында шағын және орта бизнес үлесі 8 пайызға, Маӊғыстау және Ақтөбе облыстарында 17 пайызға теӊ. Бірақ аталған мұнайлы өӊірде шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға ден қойған жөн. Соныӊ есебінен жұмыс орындары ашылады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы өндіруші кәсіпорындардыӊ қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін индустриялық аймақ құру мәселесін қозғады.

Мысал ретінде Шеврон компаниясын айтуға болады, оныӊ жұмысын арматура және құбыр шығаратын зауыттар қамтамасыз етеді, сәйкесінше өӊірдіӊ әлеуметтік дамуына қажетті қаражат түсуде, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ индустрияландыру және инфрақұрылымдар құрылысы жөніндегі жоспарларды жаӊа экономикалық жағдайды ескере отырып қайта қарауды тапсырды.

Дағдарыс кезінде тұрақты жұмыс орындарыныӊ саны қысқарады, бұл бүкіл әлемге тән өзекті мәселе. "Нұрлы жол" бағдарламасын әр өӊірде ірі өндірістен қысқарып қалғандар үшін жұмыс орындарын ашуға бейімдеу керек деп ойлаймын. Біз мұндай тәжірибені 2008-2009 жылдардағы дағдарыс кезінде қолданғанбыз, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бүгінде бүкіл әлем дағдарыс ықпалын сезініп отырғанын айтты.

Мұнда тұрған қорқынышты ештеӊе жоқ. Біз капиталистік әлемде өмір сүріп жатырмыз. Бұл жүйеде ұдайы өсім болуы мүмкін емес, өсімнен кейін ылғи да құлдырау болады. Илбетте, дағдарыс ықпалы зор болып отыр: бір жағынан энергия тасымалдаушы өнімдер бағасы құлдырауда, екінші жағынан біздіӊ негізгі сауда серіктесіміз - Ресейге қатысты санкциялар өз ықпалын тигізуде. Бірақ кез келген дағдарыс - бәрін тәртіпке келтірудіӊ де мүмкіндігі. Мәселен, біз нашар істейтін кәсіпорындар мәселесін ылғи кейінге қалдырып келдік. Мұндай нысандар бүкіл әлемде банкроттыққа ұшырайды, бұрынғы меншік иесініӊ орнына басқасы келеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы өӊір басшыларын тиімсіз жұмыс істейтін және бәсекеге қабілетсіз кәсіпорындардыӊ болашағы жоқ екенін ескеруге шақырды.

Мен ЕАЭО-ға және ДСҰ-ға кірер кезде біздіӊ кәсіпкерлерге бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігін талай рет айттым. Енді кедергілерді азайтып, еӊбек өнімділігін көтеру керек, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде өткен XII өӊіраралық ынтымақтастық форумы туралы да айтты.

Біз Ресеймен бірге ауыл шаруашылығын дамыту келешегін талқыладық. Бүгінде агроөнеркәсіп секторында ресейліктер бізден озып тұр. Олардыӊ еӊбек өнімділігі 1,5 есе жоғары, сөйте тұра Ресей канадалықтардан 8-10 есе қалыс қалып келеді. Бізге осы бағытта жүру керек. Бүгін мен оптикалық талшықты кабель өндіретін кәсіпорында болдым, онда бір адамға шаққанда 80 мыӊ доллардыӊ өнімі шығарылады. Егер шығаратын өнімі шығындарды ақтамайтын болса, ондай өндірістіӊ қажеті жоқ, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті елдіӊ батыс өӊірініӊ дамуындағы басымдығы бар бірнеше бағытты атап өтті.

Біз индустрияландырудыӊ бірінші бесжылдығын іске асырдық, 80 мыӊ жұмыс орнын аштық, енді қазір екінші кезеӊге кірістік. Тек батыс өӊірдіӊ өзінде ғана 177 жоба іске қосылды, бірақ соныӊ 50 пайызы жұмыс істемейді немесе жоспарланған қуатына жеткізілмеген, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы маӊызды бағыт ретінде кен орындарын барлау ісін жандандыруды атады.

Тіпті Теӊіз бен Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарыныӊ өзі 10-15 жылдан соӊ кен өндірудіӊ еӊ шырқау шегіне жетеді. Егер осы уақыт аралығында жаӊа кен орындарына барлау жасамасақ, оныӊ салдары ауыр болады. Барлауға еӊ ірі халықаралық компанияларды тарту керек. Каспий маӊы ойпатында барланбаған орасан мол кен қорлары барын біз білеміз, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев мұнай мен газды тереӊдете өӊдеудіӊ мөлшерін арттыру қажеттігіне де тоқталды.

Біз өндірілген ресурстардыӊ барынша жоғары қосымша құнын қамтамасыз етуге тиіспіз. Сондықтан да мұнай химиясына көп көӊіл бөліп отырмыз. Атырау облысында күрделі полимерлер өндіретін мұнай өӊдеу зауытын қайта құру жұмысы жүріп жатыр. Мұндай кәсіпорындардыӊ құны 5-6 миллиард доллар болады. Қазір Қазақстанныӊ ауқымды мұнай химиясын дамытуға негіз қалануда. Сондықтан "Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі" еркін экономикалық аймағыныӊ құрылысына елеулі қаражат бөлініп жатыр. Оны тиімді игеру Үкімет пен Атырау облысы басшылығыныӊ міндеті болып саналады, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті мұнайды өӊдеу тереӊдігі Қазақстанда - 68%, Ресейде - 72%, Еуроодақта - 85%, АҚШ-та 95% екенін айтты. Мемлекет басшысы осы ретте бұл үдеріске жаӊа технологияларды енгізу қажеттігін атап көрсетті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев елді индустрияландырудыӊ және "Нұрлы жол" жобасын жүзеге асырудыӊ жайына тоқталды.

ҚХР-ға сапар барысында біз қытай тарапымен сомасы 23 миллиард доллар болатын келісімшарт жасастық, ондаған нысанды іске қосу жоспарланып отыр. Бірлескен кәсіпорындар әртүрлі шарттар негізінде құрылатын болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Нұрлы жол" бағдарламасы Қазақстан үшін тиімді трансқұрлықтық логистикалық жоба болып саналатын "Жібек жолы" экономикалық белдеуін құру бастамасымен сабақтасатынын айтты.

Бұл бағытта қазірдіӊ өзінде аз жұмыс істелген жоқ. Бүгінде Қытайдағы Ляньюньган портындағы біздіӊ терминалмен АТМ (Азия - Тынық мұхит) елдерінен Қазақстан арқылы Еуропаға 250 мыӊ контейнер жіберіліп жатыр. 2020 жылға қарай ол екі еселенеді. Бұл пойыздардыӊ жүріп өтетін жолында бизнес-құрылымдар пайда болады. Сонымен қатар Батыс Еуропа - Батыс Қытай жолыныӊ құрылысы аяқталуға таяп қалды. Бұл жоба да зор мүмкіндіктерге ие. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында батыс өӊірде сомасы 345 миллиард теӊге болатын жобалар жүзеге асырылады. Бірінші рет біздіӊ елде кемелер мен паромдар құрастыратын комбинат салынуда. Ресейге шығатын Ақтөбе - Атырау, Атырау - Астрахань, Орал - Каменка автомобиль жолдары салынып жатыр. Бұл жобалардыӊ барлығы экономикамызға серпін беріп, жаӊа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізетін болады, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыспен қамту, әсіресе шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамту мәселелеріне назар аударды.

Бұл - әлемніӊ барлық елдері үшін, Қазақстан үшін де елеулі міндет. 20-50 адам еӊбек ететін кәсіпорындардыӊ көп болғаны маӊызды. Мәселен, Германия дағдарыстан қиындықсыз өтті, өйткені бұл елде шағын және орта бизнес кәсіпорындары көп, олар экономиканыӊ 90 пайызын қамтамасыз етеді. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен салыстырғанда олар әлдеқайда икемді болып келеді. Мәселен, егер өнімдеріне деген сұраныс азайса, сол сәтте олар басқа салаға ауысады, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті бүгінде елімізде шығарылатын сапалы отандық өнімдердіӊ мөлшерін ұлғайту жұмысы жүріп жатқанын атап өтті.

Өндірушілерімізге қолдау көрсеткен жөн. Мысалы, меніӊ қазір кигенім - Қазақстанда тігілген костюм мен туфли. Мен осылайша біздіӊ жеӊіл өнеркәсіпті жарнамалап отырмын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Мемлекет басшысы күрделі кезеӊді тыныштық пен татулық жағдайында өткерудіӊ маӊыздылығын атап өтті. Соған орай Қазақстан Президенті қоғамда араздық тудырған адамдар жауапқа тартылатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы бірлік пен келісімніӊ маӊыздылығын тағы бір рет еске салды.

Бұдан бұрын айтқанымдай, біз ауызбірлігіміз болмаған кезде ғана әлсіз болдық. Егер біртұтас болатын болсақ, бәрі қолымыздан келеді. Мына қиындықтарды ынтымақпен еӊсеріп, дамудыӊ жаӊа жолына шығу қажет, - деді Мемлекет басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны