15.02.2017, 21:18 4643

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне 2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша Ақтөбе облысыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндалды.

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне 2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша Ақтөбе облысыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндалды.

Елбасы Ақтөбе облысы перспективалы өнеркәсіптік өӊір болып саналатынын, дегенмен еліміздіӊ ішкі жалпы өніміне қосатын облыстыӊ экономикалық үлесі жылдан жылға азайып келе жатқанын айтты.

- Мұндай үрдіс 2012 жылдан бері жалғасуда. Біз оныӊ себептерін анықтап, тиісті шаралар қабылдауымыз керек. Егер де ауыл шаруашылығы экспортын арттырамыз десек, қайта өӊдеу өндірісі нысандарын дамытуға мән беру қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамытып, оныӊ өӊір экономикасындағы үлесін 50%-ға жеткізудіӊ маӊыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті облыстыӊ әлеуметтік саладағы жұмысыныӊ басымдығы бар бағыттарын белгілеп берді. Соныӊ қатарында балабақша санын көбейту, апатты жағдайда тұрған мектептерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, бұған қоса бірқатар білім беру мекемелеріндегі үшінші ауысымды жою мәселелері бар.

Ақтөбе облысыныӊ әкімі өӊірдіӊ экономикалық жағдайын жақсарту, соныӊ ішінде өнеркәсіп секторын дамыту, ауыл шаруашылығына инвестиция тарту және халықты жұмыспен қамту мақсатымен жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді.

- Жыл қорытындысы бойынша облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ негізгі көрсеткіштері өскені байқалады. Еӊ бастысы - жұмыссыздықтыӊ көбеюіне жол берген жоқпыз. Мемлекеттік бағдарламалардыӊ дер кезінде жүзеге асырылуы нәтижесінде былтыр 16 мыӊ жаӊа жұмыс орны ашылды, - деді Б.Сапарбаев.

Кездесу соӊында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны