26.01.2009, 13:37 2388

Мемлекет басшысы әлемдегі ең үлкен "Акшардам" индуистік храмында болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 25 қаңтарда Үндістан еліне сапары аясында әлемдегі ең үлкен "Акшардам" индуистік храмы мен ұлы моғолдық билеуші Хумаюнның кесенесінде болып, бұл елде көптеген ғасырлар бойы орныққан конфессияаралық бейбітшілікке лайықты баға берді.

Астана. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 25 қаңтарда Үндістан еліне сапары аясында әлемдегі ең үлкен "Акшардам" индуистік храмы мен ұлы моғолдық билеуші Хумаюнның кесенесінде болып, бұл елде көптеген ғасырлар бойы орныққан конфессияаралық бейбітшілікке лайықты баға берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев үндінің танымал ғалымы, энергетика және ресурстар институтының директоры Раджендра Пачауримен кездесті. Доктор Пачаури қазіргі уақытта климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық комиссияға жетекшілік етеді. Үнді ғалымы бұрынғы вице-президент Альберт Гормен бірге 2007 жылы аталмыш ұйымның атынан бейбітшілік үшінгі Нобель сыйлығын алған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны