10.06.2015, 14:58 3590

Мемлекет басшысы Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерініӊ V съезініӊ "Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердіӊ бейбітшілік және даму жолындағы диалогы" деген тақырыппен өткен жалпы отырысына қатысты

Астана. 10 Маусым. Kazakhstan Today - Елбасы өз сөзінде Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезініӊ ізгі идеялары әлемдік қоғамдастықта, діни және саяси топтар арасында кеӊінен қолдау тауып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары Қазақстанда түрлі конфессиялардыӊ қатар қызмет етуініӊ табысты үлгісі қалыптасқанын атап көрсетті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

- Қазір елімізде жалпы саны 3312 мешіт, храм, мінажат үйі, синагога және өзге де діни ғимараттар бар. Діни бағыттағы 47 бұқаралық ақпарат құралы жарық көреді. Елімізде 500-ге жуық шетелдік миссионер жұмыс істейді. Елімізде қызмет ететін барлық діндердіӊ жамағаты - қазақстандықтардыӊ ортақ шаӊырағыныӊ мүшелері. Біз бәріміз бірге жаӊа ел құрып жатырмыз, онда талас-тартыс пен дау-дамайға орын жоқ, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қауіпсіздік пен дамудыӊ жаӊа парадигмасын қалыптастыру үшін кеӊ ауқымды диалогтыӊ маӊыздылығына назар аударды.

- Теӊқұқықтылық, өзара құрмет, бір-бірініӊ мүддесін мойындау, ынтымақтастық, толеранттылық және өзара түсіністік қағидаттары оныӊ негізіне айналуы тиіс. ХХI ғасырда барлық саладағы - саяси, экономикалық, мәдени, рухани диалогқа ештеӊе балама бола алмайды. Бүгінде адамзат материалдық, ғылыми-техникалық және зияткерлік тұрғыдан зор әлеуетке ие. Егер жұрт бір-бірімен татулықта және рухани келісімде өмір сүруді үйренбесе, ешқандай ілгерілеу болмайды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті рухани және саяси көшбасшылар бірлесіп, әлемді адамгершілік тұрғыдан мейлінше ізгі әрі толерантты ете алатынына назар аударды.

- Қарсы тараптардыӊ барлығы келіссөздер үстеліне отырып, зорлықты тыю, азаматтарды қорғау, барлық қайшылықты бейбіт шешу жөнінде келісім әзірлеуі керек. Ирбір елде және мемлекетаралық қатынастарда кез келген саяси қайшылықты күш қолдану арқылы шешу әдісінен бас тарту қажет. Жетекші державалардыӊ саяси көшбасшыларын қазіргі замандағы өзара сенімсіздіктіӊ белеӊ алуына тосқауыл қоюға шақыру маӊызды. Осыныӊ барлығы қауіпсіз және жарасымды әлемніӊ жаӊа архитектурасыныӊ бөлшегіне айналуы тиіс, - деді Мемлекет басшысы.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отырған барша саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне сөз арнап, өз мүмкіндіктерін соғыс пен қақтығысты тоқтату, жаһандық саясаттағы сенімді қалпына келтіру үшін пайдалануға шақырды.

Отырыс барысында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Финляндия Президенті Саули Ниинисте, Қасиетті Тақтыӊ дінаралық диалог жөніндегі Папа кеӊесініӊ президенті, кардинал Жан-Луи Торан, Дүниежүзілік Ислам Лигасы бас хатшысыныӊ орынбасары Абдрахман бен Абдаллла аз-Зейд, Франция митрополиті Эммануил Адамакис, Дүниежүзілік Ислам мәзхабтарын жақындастыру ассамблеясыныӊ бас хатшысы Мохсен Мохаммади Араки сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Израильдіӊ сефардтық бас раввині Ицхак Йосиф, Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ бас хатшысы Ияд Амин Мадани, индологияны және дінаралық диалогты зерттеу институтыныӊ төрағасы Самир Шантилал Сомайя, сондай-ақ Дүниежүзілік буддашылар қоғамдастығыныӊ бас хатшысы Фаллоп Тайиари және Марокко Корольдігініӊ ислам істері жөніндегі министрі Тауфик Ахмед күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны