28.05.2008, 19:29 2951

Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен Қостанай облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен Қостанай облысының әкімін қабылдады

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагинді қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, А. Есімов Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бөлінуін жетілдіру жөніндегі президент тапсырмасының орындалу барысы жайында айтып берді. Бұл қаланың айналасында бейберекет пайда болған ауылдардың тұрғындарының әлеуметтік проблемаларын шешуге септігін тигізуге тиіс.

"Мен, сондай-ақ, 2011 жылғы Азия ойындарын табысты өткізуге қажетті инфрақұрылымды құру барысы жайлы есепті таныстырдым. Бұл мәселелердің бәрі де мемлекет басшысының тұрақты бақылауында", -деді А. Есімов жцрналистерге арналған брифингте.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, президент бүгін сондай-ақ, Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагинді қабылдады, ол Нұрсұлтан Назарбаевқа облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен биылғы тұқым себу науқаны жайлы ақпараттан хабардар етті.

С. Кулагин бұған қоса Қостанай қаласының ағымдағы жылдың күзіне межеленген Қазақстан мен Ресейдің шекаралық облыстарының форумын өткізуге дайындығы туралы әңгімелеп берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны