22.05.2007, 18:50 2954

Мемлекет басшысы Алматы облысы Талғар ауданының әкімін қабылдады

АЛМАТЫ. 22-мамыр. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Кенжебек Омарбаевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында К.Омарбаев Мемлекет басшысына ауылды, ауылдық аумақтарды және шағын бизнесті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында оң өзгерістерге қол жеткізіп отырған аудандағы істің мән-жайы туралы баяндап берді.

"Мен президентке ауыл тұрғындарының әл-ауқаты жақсарып келе жатқанын баяндадым және олар Елбасына халқымыздың игілігі жолында одан әрі табыстарға жете беруіне тілектестік білдіруде", - деді К.Омарбаев журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны