31.07.2007, 11:32 5789

Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 31 - шілде. Kazakhstan Today. Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Президенттің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Н. Назарбаев жұмыс сапарының бірінші күнін "Нұр Отан" саяси партиясының облыстық бөлімшесінің жаңа ғимаратымен танысумен ашпақ.

Елбасы бұдан кейін бірнеше ЖШС жұмыстарымен танысады. Сондай-ақ, мемлекет басшысының аймақтағы жұмыс сапарының жоспарына сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталығын аралап, сапарының бірінші күнін қаланың даму жоспарымен танысып аяқтайды.

Н. Назарбаевтың оңтүстік өңірдегі жұмыс сапарының екінші күнінде Алматы облысының Қаракестек ауылындағы Сүйінбай Аронұлының кесенесіне, Жамбыл Жабаевтың мұражайына барып, аймақтың мақтан тұтарлық көрнекті орындарымен танысады. Бұдан кейін Қарасай ауданындағы гимназия орта мектебінде болып, Қарасай батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қояды деп жоспарланған. Сондай-ақ Шамалған ауылындағы гимназияға, ауылдық ауруханаға барып, жұртшылық ахуалымен танысады деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны