24.07.2008, 16:22 2630

Мемлекет басшысы Алматы облысының даму қарқынын құптады

Мемлекет басшысы Алматы облысының даму қарқынын құптады

Қапшағай. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының даму қарқынын құптады. Бұл туралы ол облысқа жасаған жұмыс сапарының барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жалпы алғанда Алматы облысына жасаған сапарыма ризамын", - деп атап көрсетті президент. "Жаңа ғана Алматы облысының әкімі 2005 жылдан бері өнеркәсіп өнімі 2 есеге, салық түсімі де екі есеге артқаны жайлы есеп берді. Бұл көп жайтты аңғартса керек", - деді ол.

Журналистермен болған әңгіменің соңында Н. Назарбаев қаржылық қиыншылықтарға қарамастан Алматы облысында, жалпы барлық облыстарда тұғын үй құрылысы бәсеңдеген жоқ деп атап көрсетті. Былтыр 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл ол көрсеткіш жарты миллион шаршы метрге жетпек, деді елбасы.

"Барлық салалар бойынша өнеркәсіп өсуде, халықтың салымдары өсуде, тұрғын үй құрылысы артуда, ауыл шаруашылығы көздегендей дамуда. Және ең бастысы - шағын өзендерде су электр станцияларының құрылысы басталды. Алғашқысы Есік өзенінде пайдалануға беріледі", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны