12.03.2010, 17:08 3162

Мемлекет басшысы Алматы облысының Қызылағаш кентінде бөгет бұзылған кезде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Алматы облысының Қызылағаш кентінде бөгет бұзылған кезде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып жеделхат жолдады

Астана. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Ақсу ауданындағы "Қызылағаш" су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтып жеделхат жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Адам өліміне әкеліп соққан Алматы облысының Ақсу ауданындағы "Қызылағаш" су қоймасында болған апат туралы хабарды қайғыра қабыл алдым. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қайтыс болғандардың туғандары мен жақын туыстарына, сондай-ақ апат салдарынан зардап шеккендердің барлығына қайғырып көңіл айтамын", делінген жеделхатта.

Президенттің тапсырмасы бойынша апаттың шығу себебі мен оның салдарларын жою және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны