02.04.2008, 15:12 2741

Мемлекет басшысы Алматыда ҚМЭБИ-дің жаңа оқу ғимаратын тамашалады

Мемлекет басшысы Алматыда ҚМЭБИ-дің жаңа оқу ғимаратын тамашалады

Алматы. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) жаңа оқу ғимаратында болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 1992 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен құрылған ҚМЭБИ Солтүстік Американың кредиттік технологиялары бойынша магистрлер мен бакалавр даярлайтын коммерциялық емес жоғары оқу орны болып табылады.

"Президент институт студенттерінің саны алғаш құрылған жылдан бастап он бес есеге артқанын атап өтті. Бүгінде институтта Қазақстанның барлық өңірлерінен 4 мыңнан астам жастар білім алуда", - деп көрсетілген хабарламада. ҚМЭБИ АҚШ, Германия, Польша, Румыния, Сауд Арабиясы, Түркия, Ресей, Қытай, Корея, Балтық жағалауы елдерінен және бүкіл Орталық Азия республикаларынан келген 300-ге тарта шетелдік студенттерді даярлауда.

ҚМЭБИ АҚШ-тың танымал аккредитациялау агенттіктерінің бірі өткізетін халықаралық аккредитациялау үдерісіне қатысып отырған Қазақстандағы және Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны. Оны иелену Институт түлектері дипломдарының Қазақстаннан тыс жерлерде де жарамды болуын қамтамасыз етеді.

Жалпы аумағы 5,6 мың шаршы метрді құрайтын жаңа корпус институттың сұранысына сәйкес жобаланған, ғимарат сапалы білім алуға қажетті қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда 450 адамға арналған 14 аудитория, 516 студентке арналған 3 дәрісханалық амфитеатр бар.

Заманауи мультимедиялық технологиямен жабдықталған аудиториялары, студенттердің пайдалануына 100-ден астам терминал ұсынатын үш компьютер классы, бүкіл ғимараттың өне бойындағы жоғары жылдамдықтағы сымсыз интернет байланысы, сондай-ақ, студенттердің жеке жұмысына бөлінген арнайы аумақ - міне, осының бәрі ғимараттың негізгі ерекшеліктері болып саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны