08.02.2017, 20:29 4612

Мемлекет басшысы Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадада жоғары нәтиже көрсеткен ұлттық құраманыӊ мүшелерін құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстанныӊ ұлттық құрамасыныӊ зор жетістікке жетуіне орай құттықтау жолдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстанныӊ ұлттық құрамасыныӊ зор жетістікке жетуіне орай құттықтау жолдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадада жоғары нәтиже көрсеткен ұлттық құраманыӊ мүшелерін құттықтады.

"Сіздердіӊ қайсарлықтарыӊыздыӊ арқасында Қазақстанныӊ жалпы командалық екінші орынға қол жеткізуі - елдіӊ биік беделініӊ, бұқаралық спорттыӊ дамығандығыныӊ айқын көрсеткіші.

Қазақстанныӊ спорт мектебініӊ даӊқын тағы бір мәрте асқақтатып, жоғары дайындықтарыӊызды, жеӊіске деген ұмтылыс пен ерік-жігерлеріӊізді көрсеттіӊіздер.

2017 жылғы универсиада барлық қазақстандықтар үшін нағыз мерекеге айналды.

Спортшыларымыздыӊ жеӊісі қысқы спорт түрлерін одан әрі дамытуға серпін беріп, келер ұрпаққа үлгі болуға тиіс.

Универсиаданыӊ ұйымдастыру комитетіне жарысты жоғары деӊгейде өткізіп, жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтамын.

Барлық спортшыларға мықты денсаулық және жаӊа белестерді бағындыру жолында табыс тілеймін!", - делінген құттықтауда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны