03.06.2009, 17:50 2508

Мемлекет басшысы Алматының Алатау ауданы "Шаңырақ" ықшамауданында тасқын салдарынан баспанасынан айрылған адамдарға тез арада көмек көрсетуді тапсырды

Мемлекет басшысы Алматының Алатау ауданы "Шаңырақ" ықшамауданында тасқын салдарынан баспанасынан айрылған адамдарға тез арада көмек көрсетуді тапсырды

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматының Алатау ауданы "Шаңырақ" ықшамауданында тасқын салдарынан баспанасынан айрылған адамдарға тез арада көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовті қабылдаған кезде тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа қаладағы істердің мән-жайы туралы баяндады. Атап айтқанда, әңгіме таяуда бірнеше ондаған үйлерді су басып қалған "Шаңырақ" шағын ауданына қатысты болды.

А.Есімов әкімдіктің тасқын судан зардап шеккендерге арнап жаңа жер учаскелері бөлінетін аумақты белгілегенін хабарлады. Ол жерде сондай-ақ тұрғындарға төмен бағамен берілетін ықшам үйлер салу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы қала басшыларының іс-қимылын мақұлдады және баспанасынан айрылған адамдарға тез арада көмек көрсетуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны