23.01.2014, 20:49 4738

Мемлекет басшысы "Арселор Миттал" компаниясының басқарма төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Арселор Миттал" компаниясының басқарма төрағасы Лакшми Митталмен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 23 қаңтар. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Арселор Миттал" компаниясының басқарма төрағасы Лакшми Митталмен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызмет ағыны талқыланды", - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Лакшми Миттал елдің метталургиялық саласының дамуындағы компанияның рөлін талқылады. Сондай-ақ Теміртау комбинатының жұмысы мен әр түрлі инвестициялық және әлеуметтік жобалардың жүзеге асуы қарастырылды.

Сондай-ақ, компания кәсіпкерлігінің Қазақстандағы жұмысына қатысты проблемалар да алға тартылды, оның ішінде өндіріс көлемі мен жұмыс ұжымының қысқартылуы тілге тиек етілді.

Мемлекет басшысы аталмыш сұрақтарды ҚР Үкіметімен бірлесіп шешу керектігін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны