09.06.2009, 18:30 2943

Мемлекет басшысы Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады

Мемлекет басшысы Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Икім президентті Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы жағдайы, атап айтқанда, тұрғын үй құрылысы мен заманауи қалалық инфрақұрлымды қалыптастыру салаларының жайы туралы хабардар етті.

Үстіміздегі жылдың басында елордада салынып бітпеген 128 үлестік құрылыс нысаны болса, соның 104-і жыл соңына дейін, ал қалған 24 нысанның құрылысы 2010 жылы аяқталады.

И.Тасмағамбетов сондай-ақ Астана күнін мерекелеуге әзірлік барысы туралы баяндады. Осы күнге орай "Локомотив-лизинг" теміржол локомотивтерін құрастыру зауыты, "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы мен "Лукойл" компаниясының әкімшілік ғимараттары, 30 мың орындық жабық стадион, Жедел медициналық жәрдем ҒЗИ, 300 орындық кәсіби-техникалық лицей және т.б. нысандар құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Астана әкімі мерекеге дейін Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы автомобиль көпірінің сол жақ эстакадасы бойынша көлік қозғалысының ашылатынын, сондай-ақ екі үлкен жолайрықтардың құрылысы аяқталатынын ерекше атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны