04.12.2015, 16:41 4234

Мемлекет басшысы "Астана Бас жоспары" ҒЗЖИ" ЖШС-да болды

Нысанда болу барысында Мемлекет басшысына елорда құрылысын жалғастыру және дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.

Астана. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Нысанда болу барысында Мемлекет басшысына елорда құрылысын жалғастыру және дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, Қазақстан Президентіне Астананыӊ маӊызды коммерциялық, мәдени-сауық нысандары мен тұрғын үйлер құрылысыныӊ барысы, инфрақұрылымды жаӊғырту және көлік саласындағы міндеттерді кезеӊ-кезеӊімен жүзеге асыру жұмыстары туралы айтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы архитектуралық-көркемдік ұйымдастыру жұмыстарымен және қала құрылысына қатысты шешімдермен танысты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, елорда әкімі И.Жақсыбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай "Астана белгісі" архитектуралық мүсіндік композициясыныӊ үздік эскиз-идеясына жарияланған республикалық конкурс жобаларын таныстырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны