30.05.2016, 20:39 8933

Мемлекет басшысы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесуде А.Есімов Мемлекет басшысына "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық, сондай-ақ оныӊ мазмұндық тұрғыдан жабдықталуы жөнінде баяндады

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Кездесуде А.Есімов Мемлекет басшысына "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық, сондай-ақ оныӊ мазмұндық тұрғыдан жабдықталуы жөнінде баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасыныӊ төрағасы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатқанын айтты. Қазіргі кезде 87 ел және 15 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растаған, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Көрме тақырыбын ашатын тақырыптық нысанныӊ бірі "Үздік тәжірибелер аймағы" павильоны болмақ. Бұл аймақта қатысушылар энергетика саласындағы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, технологияларды, стратегиялар мен жобаларды ілгерілету тұрғысында пікір және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Президенті кейіннен Қазақстан павильонын Болашақтыӊ музейініӊ негізі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін көрме контентініӊ сапалы болуы үшін халықаралық тәжірибені қолданудыӊ маӊыздылығына назар аударды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны