14.10.2016, 11:30 3861

Мемлекет басшысы Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешевті қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев негізгі нысандарды іске қосудыӊ белгіленген мерзімін сақтау қажеттігін, сондай-ақ құрылыс сапасын арттырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Астана. 14 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Елбасыға И.Исекешев елорданыӊ биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығын мерекелеуге және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.

Атап айтқанда, қала әкімі Қазақстан Президентіне әлеуметтік маӊызы бар нысандар және өзге де ғимараттар құрылысыныӊ кезеӊдері, оларды іске қосуға әзірлік барысы туралы мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев негізгі нысандарды іске қосудыӊ белгіленген мерзімін сақтау қажеттігін, сондай-ақ құрылыс сапасын арттырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны