14.06.2008, 16:48 2929

Мемлекет басшысы Астана қаласының "жасыл аймағын" құру барысымен танысты

Мемлекет басшысы Астана қаласының "жасыл аймағын" құру барысымен танысты

Астана. 14 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының "жасыл аймағын" құру барысымен танысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан астанасы сары далада орналасқан. Осыған байланысты елорданы Астанаға көшіргеннен кейін мемлекет басшысы қала айналасында "жасыл аймақ" құру жөнінде тапсырма берген болатын.

Бүгінгі таңда қала маңында ағаш отырғызу және екпе ағаштарды күту жұмыстарымен "Жасыл аймақ" РМК айналысады. Кәсіпорын жыл сайын Елордасының жасыл аймағы үшін 9 миллионнан астам қарағай, балқарағай, қайың, шегіршін, жиде, терек, тал, алма ағаштарының көшеттерін өсіреді (барлығы - 26 ағаш түрі бар).

90-шы жылдардың соңынан бастап Астанада жыл сайын 5 мың гектардан артық жасыл көшеттер отырғызылып келеді. Бүгінгі күні отырғызылған ағаштардың жалпы көлемі 50 мың гектарды құрайды.

"Мен Астананың "жасыл аймағы" мен Шортанды ауданының орманды аймағын қосу туралы тапсырма бердім", - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы "Бүгінгі күні орман алқаптарында елік, марал, қоян, түлкі сынды жануарлар пайда бола бастады" деп разылықпен атап өтті. Қала тұрғындары мұнда саңырауқұлақ пен жидек жинауға келеді. Сондай-ақ орман алқаптары қаланы жаздың аңызағы мен қыстың боранынан сақтайды. Осының арқасында елорданың ауа-райы өзгерді.

"Қазақстанның барлық қалаларының маңында ағаш отырғызуды қолға алған жөн. Бұл менің атқарушы билікке берген тапсырмам. Атқарушы билік еліміздің барлық тұрғылықты жерлерінің аумақтарында орман алқаптарын құрумен айналыссын", - деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны