08.06.2015, 14:08 4050

Мемлекет басшысы Астана қаласыныӊ "жасыл белдеуін" дамыту жұмыстары барысымен танысты

Елбасы елорда айналасындағы жасыл аймақты әуеден тікұшақпен шолып шыққаннан кейін орманды алқап қалыптастыру және дамыту жұмыстары барысымен танысты

Астана. 08 Маусым. Kazakhstan Today - Елбасы елорда айналасындағы жасыл аймақты әуеден тікұшақпен шолып шыққаннан кейін орманды алқап қалыптастыру және дамыту жұмыстары барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз брифингін өткізді. Бұл туралы Ақорданы? баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылдан бері жүргізілген жұмыстардыӊ нәтижесінде елорда айналасына егілген жасыл желектіӊ ауданы бүгінде 70 мыӊ гектарға жеткенін атап өтті.

- Бір кездері біздіӊ жоспарымызға күмәнмен қараған еді. Бірақ біз осы орманды болашақ ұрпақ үшін өсіріп, оны Қазақстанныӊ кереметіне айналдырдық. Соныӊ арқасында қалада шаӊ-тозаӊ, жел азайды. Орманда арнайы жидек ағаштары отырғызылып, аӊ-құс пайда болды. Егілген ағаштар елорда тұрғындары мен қонақтарыныӊ демалысына қажетті жағдай туғызады. Мұнда веложолдары, кемпингтері бар демалыс аймақтарын орнықтыру жоспарлануда, - деді Қазақстан Президенті.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы орман шаруашылығы еӊбеккерлеріне, ғалымдарға қажырлы еӊбектері үшін ризашылық білдірді.

Қазақстан Президенті "жасыл белдеу" алқабын ұлғайту жұмыстары жалғасатынын айтты.

- Барған сайын ұлғайып келе жатқан Астана орманын біз мақтаныш етуімізге болады. 2020 жылға қарай оныӊ көлемін 100 мыӊ гектарға жеткізу міндеті қойылды. Ал қарағай отырғызылғаннан кейін ол сапалық тұрғыдан мүлде өзгеше болады. Осыныӊ бәрі Қазақстанныӊ болашағы үшін жасалып жатыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Мемлекет басшысы дәстүр бойынша қырғауыл ұшыру шарасына қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны