28.04.2008, 18:15 3039

Мемлекет басшысы Астана күніне орайласта ашу жоспарланып отырған нысандар құрылысының барысымен танысты

Мемлекет басшысы Астана күніне орайласта ашу жоспарланып отырған нысандар құрылысының барысымен танысты

Астана. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана күніне орайластыра ашу жоспарланып отырған нысандар құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, президент Конгресс-холлдың жаңа ғимаратының құрылыс алаңына келді. Нысан құрылысы 2007 жылы басталған. Құрылыс салынып жатқан жер көлемі 80 мың шаршы метрден асады. Жобаның жалпы құны 12,3 млрд теңге. Жаңа Конгресс-холлдың үш қабаттық ғимаратында 4500 адамға есептелген үлкен зал, мәжіліс залдары, Астана тарихының мұражайы, салтанат залы, баспасөз құралдарына арналған зал және мейрамханалар орын тебеді.

Н. Назарбаев сондай-ақ, биіктігі 91 метрді құрайтын "Қазақ елі" монументінің құрылыс барысымен танысты. Оның 91 метр болуы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған 1991 жылмен байланысты. Монументті шілде айында Елорда күніне орай тапсыру көзделуде. Ол Бейбітшілік және келісім сарайының қарсы алдына орнатылады. Жоба сәулетшісі Саматбек Бөкебай, суретшісі - Сембіғали Смағұлов.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы 30 000 орынға арналған жабық стадионның салыну барысымен танысты. Стадион спутниктік және эфирлік антенналар телеарналарының желісімен, концерттер және т.б. шаралар өткізуге арналған құрастырмалы-жиналмалы сахнамен, үлкен теннис, волейбол, баскетбол, гимнастика, күрес секілді спорт түрлеріне арналған ауыстырмалы төсеніштермен жабдықталып, сондай-ақ, тікұшақ алаңқайы мен 200 орындық мейрамхана орналасатын болады. Стадион УЕФА-ның барлық стандарттарына жауап бермек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны