03.07.2009, 12:00 1100

Мемлекет басшысы Астанада локомотив құрастыратын зауытты ашты

Мемлекет басшысы Астанада локомотив құрастыратын зауытты ашты

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада локомотив құрастыратын зауытты ашты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бұл зауыттың капсуласын мен 2007 жылдың 3 шілдесінде салғам. Осыдан дәл екі жыл кейін, осындай қысқа мерзімде 45 мың шаршы метрлік ғимарат тұрғызылды. Біз енді әлемдегі маңдай алды General Electric компаниясымен біресіп тепловоздар шығара бастаймыз", - деді Н. Назарбаев.

"Біз Кеңес Одағынан мүлдем күйреген темір жол транспортына ие болып қалдық", - деді президент.

Осы орайда ол теміржолмен елде барлық жүктердің 70% дейінгі көлемі тасымалданатынын атап өтті. "Мұндай тасымалдаусыз елдің экономикасы да жоқ. Егер біз тасымалдай алмайтын болсақ, қандай индустриализацияның да, тауар өндіруді ұлғайтудың да мәнісі жоқ. Елге электровоздар аса қажет", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны