03.10.2008, 10:03 1577

Мемлекет басшысы Астанада салынып жатқан әмбебап киноконцерт залы құрылысының барысымен танысты

Мемлекет басшысы Астанада салынып жатқан әмбебап киноконцерт залы құрылысының барысымен танысты

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Елордада салынып жатқан әмбебап киноконцерт залы құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы алдымен концерт залын аралап көрді. Оны өрнектеуде ең жақсы акустикалық өлшемдерге қол жеткізу үшін арнайы ағаш түрлері қолданылатын болады. Аталған нысан 2009 жылдың көктемінде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қазіргі кезде құрылысшылар ішкі өңдеу, жылыту және ғимаратты қаптау жұмыстарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны