03.09.2007, 18:04 3129

Мемлекет басшысы Астанада жаңа қазақ-түрік лицейін ашты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа қазақ-түрік лицейін ашты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АСТАНА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа қазақ-түрік лицейін ашты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Бұл - Астанадағы осымен үшінші қазақ-түрік лицейі. "Мұнда балаларды оқытуға барлық жағдайлар жасалған, спорт залы, бассейн, конференц- және салтанатты шаралар залы бар. Оқу кабинеттері мультимедиялық жабдықтармен жарақталған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Лицей Тұңғыш Президент қорының басқаруымен жұмыс істейді. Қор осы оқу орнында компьютерлік класты жабдықтаған.

Оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда табыстар тілеген Н. Назарбаев Қазақстан мен Түркияны етене жақын мәдени және білім беру саласындағы байланыстардың жалғап жатқанын атап өтті. "Сонау 1992 жылы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Тұргұт Озалдың келісіміне сәйкес Қазақстанда Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ашылған", -деп еске салады баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Қазақстанда 28 қазақ-түрік лицейі жұмыс істейді. Осы оқу орындарының оқушылары халықаралық олимпиадаларда 55 алтын, 91 күміс және 140 қола медаль жеңіп алған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны