29.06.2009, 17:16 2780

Мемлекет басшысы Астанадағы болашақ жаңа мешіт құрылысының орнына ескерткіш капсуласын орналастыру рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Астанадағы болашақ жаңа мешіт құрылысының орнына ескерткіш капсуласын орналастыру рәсіміне қатысты

Астана. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы болашақ жаңа мешіт құрылысының орнына ескерткіш капсуласын орналастыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент бір мезгілде 5000 адам мінәжат ете алатын мешіттің макеттерімен танысты.

Рәсімге қатысушылар алдында сөз сөйлеген мемлекет басшысы мешіт құрылысын Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен "Қазақ Елі" монументінің жанынан салу жөніндегі шешімнің кездейсоқ еместігін атап өтті. Өйткені, бұл рухани байлықты, елдің ұлы тарихы мен халықтар бірлігін айқындайтын Астананың айшықты әрі сәулетті ғимараттарының бірі болмақ.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша жаңа мешітті "Хазрет Сұлтан" деп атау ұйғарылды. Оны ұзындығы 91 метр болатын төрт мұнара айналдырып тұрады. Ғимаратта дәрет алу және неке қию жораларына арналған орынжайлар, Құран оқитын бөлмелер мен оқу-ағартушылық топтарға арналған залдар орналасады. Осы орасан зор ғимарат барлық қазіргі заман талаптарына сай келеді. Мешіт құрылысы таяу арада басталмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны