07.05.2010, 17:48 3197

Мемлекет басшысы Астанадағы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы Астанадағы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қойды

Астана. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қойды және қазақстандықтарды 1941-1945 жылдардағы Жеңістің 65 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Қазақстан Республикасы парламенті сенаты мен мәжілісінің төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орал Мұхамеджанов, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин, үкімет мүшелері, ҚР парламентінің депутаттары, "Нұр Отан" партиясының жетекшілері қатысты.

Сондай-ақ іс-шараны Астана мен Алматы қалаларынан, Қазақстанның өзге өңірлерінен келген 400-ден астам соғыс ардагерлері, елорда тұрғындары мен қонақтары тамашалады.

Президент бейбітшілік пен өз елінің азаттығы үшін кеудесін от пен оққа тосып, жандарын қиған қазақстандық жауынгерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Одан кейін президент-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан Республикалық Гвардияның, ҚР Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР ішкі істер министрлігі, "Жас ұлан" республикалық мектебінің бөлімшелері салтанатты сап түзеп өтті.

Ресми рәсімнен кейін Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлерін екінші дүние жүзілік соғыстағы Жеңістің 65 жылдығымен құттықтап, оларға мықты денсаулық және шуақты ғұмыр тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны