04.09.2009, 14:44 1629

Мемлекет басшысы Астанадағы университетке атын беруді рұқсаттады

Мемлекет басшысы Астанадағы университетке атын беруді рұқсаттады

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы университетке атын беруді рұқсаттады. Бұл туралы президент бүгін ғылым және ғылыми саясат жөніндегі кеңестің отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен ешқашан өз атыммен кеңшарды да, ауылды да, көшені де, қаланы да, Астананы да атауға ешқашан рұқсат берген емеспін, бірақ университетті атауға рұқсат беремін", - деді Н. Назарбаев.

Президенттің атап өткеніндей, президент пен үкіметтің қорлары жаңа халықаралық университетті салуға, мектеп пен ұлттық ғылыми қорды құруға жүздеген миллион доллар жұмсауға тиіс. Жеке меншік құрылымдар да осы көлемде ақша жұмсауға тиіс. "Біз демеушілерден қаржы жинауға тиіспіз, әйтпегенде іс алға баспайды", - деді Н. Назарбаев.

"Меніңше, білім мен ғылымның ордасын салу мақсаты Астананың құрылысымен маңызы жағынан бірдей болуы қажет. Ондай көзқарас болмаған жағдайда бұл істі тіпті қолға алудың да қажеті жоқ", - деп атап өтті президент.

Өз кезегінде республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мемлекет басшысына қаратып айтқан сөзінде: "Сіз бұны Астананың құрылысымен салыстырғандықтан, университет те, мектеп те, қор да ең жоғарғы деңгейде болуға тиіс",- деді.

"Біз мектептің аты еліміздегі барлық дарынды жастарды қаршадайынан магниттей тартып тұруы үшін өз позициямызды қайтадан қарайтын боламыз", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны