24.12.2009, 15:16 3174

Мемлекет басшысы Астанадағы жаңа перзентхана мен көп салалы қалалық ауруханада болды

Мемлекет басшысы Астанадағы жаңа перзентхана мен көп салалы қалалық ауруханада болды

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңа әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандармен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент жаңа перзентхана мен көп салалы қалалық ауруханада болды.

Перзентхана 150 орынға арналған, ауысыммен әйелдерге кеңес беруге арналып жабдықталған 250 адамды қабылдайтын бөлмелері бар ғимарат "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы аясында салынған. Жаңа үлгідегі жабдықтар аналар мен жаңа туған нәрестелерді күту сапасын айтарлықтай аттыруға, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетудің озық әдістемесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Нысанның жалпы құны 8,6 миллиард теңге.

Көп салалы стационар 360 орынға арналған, 28 емдеу-диагностикалық бөлімі бар. Бұл электронды жүйеге көшірілген Қазақстандағы алғашқы аурухана. Ғимарат компьютерлендірілген, желілік кешенді медициналық ақпараттық жүйе пайдаланылады, ауырған адамдардың электронды картасы енгізілген. Мұнда ең соңғы заманауи жабдықтар - магниттік-резонанстық және компьютерлік томограф пен ангиограф, литотриптор, ішкі органдар мен жүрекке зерттеу жүргізу үшін ультрадыбыстық аппараттар орналастырылған.

Мемлекет басшысы сондай-ақ "Азия Парк" сауда-ойын-сауық орталығында болды.

Жалпы аумағы 45 мың шаршы метрді құрайтын орталықта азық-түлік супермаркеті, бес залдық мультиплекс, отбасылық ойын-сауық орталығы, балалардың әмбебап дүкені, әмбебап киім-кешек дүкені, сондай-ақ 168 операторға арналған сауда алаңы бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны