08.10.2009, 14:01 1624

Мемлекет басшысы Астананың көлік стратегиясын жасау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Астананың көлік стратегиясын жасау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың көлік стратегиясын жасау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін Астана қалалық әкімдігінде өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қала қарқынды дамып келеді, жаңа ықшамаудандар салынуда, тұрғындар саны 2,5 есе өсті. Осыған байланысты қаланың көлік стратегиясын жасау жұмыстарын одан жалғастыру қажет", - деді президент.

Сондай-ақ, оның айтуынша, шойын жолды транспортты дамыту жобасын жүзеге асыру керек. Кеңеске қатысқан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың айтуынша, бұл жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылған.

"Жобаның бірінші кезегін жүзеге асыра бастау керек", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны