27.10.2009, 16:06 3233

Мемлекет басшысы Астананың жаңа нысандарымен танысты

Мемлекет басшысы Астананың жаңа нысандарымен танысты

Астана. 27 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жаңа нысандарымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, президент METRO Cash & Carry белгілі халықаралық сауда желісінің Орталық Азиядағы алғашқы көтерме сауда орталығында болды.

Орталық 13 мың атаулы азық-түлік және 12 мың азық-түлік емес тауарлардың жоғары сапалы өнімдерінің кең көлемдегі түрлерін ұсынады. Орталықтың негізгі тұтынушылары қонақүйлер, мейрамханалар, кейтерингілік компаниялар, шағын және орта бизнес кәсіпкерлері болмақ.

Орталықтың сауда бөлмелерінің жалпы алаңы 6,8 мың шаршы метр, қасында 353 мәшинеге арналған паркинг бар. Жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде 250 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Орталық Азиядағы ірі "Кинг Отель Астана" бизнес-класты қонақ үйін аралап көрді. 500 нөмірлік қонақ үйдің 250 бөлмесі "Стандарт" класты болса, ал 125-і - "ең жайлы" және "жайлы" класты нөмірлерге жатады. Барлық бөлмелер халықаралық стандарттарға сай жабдықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны