04.06.2008, 22:22 2958

Мемлекет басшысы Атырау қаласында Жайық өзені арқылы өтетін жаңа автокөлік көпірінің ашылуына қатысты

Мемлекет басшысы Атырау қаласында Жайық өзені арқылы өтетін жаңа автокөлік көпірінің ашылуына қатысты

Атырау. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Атырау қаласында Жайық өзені арқылы өтетін жаңа автокөлік көпірінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бұл әлеуметтік маңызы бар жоба. Көпір қаланың екі бөлігін жалғастырады. Бұл Атыраудың дамып, экономиканың нығайып келе жатқанының көрінісі", - деді Н. Назарбаев.

Анықтама материалдарында көрсетілгендей, аталмыш көпірдің өткізу қабілеті тәулігіне 35 мың автокөлікті құрайды. Көпірдің ұзындығы 484,4 метрге, ал ені - 23,97 метрге тең. Жаңа автокөлік көпірі төрт жолақты және жаяу жүргіншілерге арналған бөліктің ені 2,25 метрді құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны