13.10.2009, 17:00 3530

Мемлекет басшысы ауыл мектептеріндегі білім деңгейін көтеруге шақырды

Мемлекет басшысы ауыл мектептеріндегі білім деңгейін көтеруге шақырды

Алматы. 13 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл мектептеріндегі білім деңгейін көтеруге шақырды. Бұл туралы ол бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Студенттер сарайында оқытушы-профессорлар мен студенттерге дәріс оқыған кезде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Исіресе ауылдағы білім берудің маңызы айрықша зор. Кейінгі 8 жылда біз бұрын мүлдем дерлік мектеп болмағандай 616 мектеп салдық. Бар мектептердің тозығы әбден жеткен! Оңтүстік Қазақстан облысында балалар үш ауысыммен оқыды", -деді Н. Назарбаев.

"Мен жас ұстаздарды ауылдарға баруға шақырамын. Біз қаладағы мектептерден кенжелеп қалу оқиғасын еңсеруіміз қажет. Соның ішінде қашықтан оқыту әдістемесін де пайдалану керек.. Талант иелерін ауылдардан іздеу керек", -деді ол.

"Қазақстанға интелектуалдық революция қажет. Биыл Астанада, Семейде алғашқы интеллектуалдық мектептер ашылды. 2011 жылы мұндай мектептер еліміздің барлық аймағында болады. Олардың міндеті - талантты балаларды тауып, мақсатты түрде оқыту, одан үлкен үміт күтемін. Талантты ауылдан іздеу керек", деді Нұрсұлтан Ибішұлы.

Президенттің айтуынша, 2010 жылы Астанада халықаралық жаңа университет ашылмақ. Илемдік деңгейдегі бұл оқу орны инженерлік-техникалық кадрларды әзірлейтін болады. Оған дүниежүзінің түкпір-түкпірінен оқытушы-ғалымдар шақырылмақ",- деді мемлекет басшысы.

"Бір өкінерлігі, ғалым, инженер және ұстаз болудың беделі құлдырып кетті, адамдар оқуды доғарды, жаңа білімді жасауды қойды", - деді президент.

"Біздің міндетіміз - адамдардың, бірінші кезекте жастардың білімділікке, біліктілікке, Отан мен халқына қызмет етуге деген қарым-қатынасын өзгерту", - деді Н. Назарбаев.

Президенттің айтуынша, "Ғылым инновациялық экономиканың негізі болу керек. Соңғы 5 жылда Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 4 есе өсті, ағымдағы жылы ол қиындықтарға қарамастан 18,5 млрд теңгені құрады. Ғылымды дамытудың 2012 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Соның арқасында Қазақстан инновациялық даму индексінде ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингін 13 позицияға жақсартты", деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз дәрісінде.

"Бір сөзбен айтқанда, біз алдағы жылдарда білім беру жүйесінде түбегейлі алға жылжуымыз қажет", - деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны