05.03.2007, 15:30 3706

Мемлекет басшысы ауылшауашылық жерлерді нарықтық айналымға жедел енгізу үшін жекешелендіру тетігін жеңілдетуді ұсынады

АСТАНА. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауылшауашылық мақсатындағы жерлерді нарықтық айналымға жедел енгізу үшін жекешелендіру тетігін жеңілдетуді ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ауылшауашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік институты енгізілгеніне қарамастан, жер рыногы дамымай отыр. Қазіргі жағдаймен оның бір проценттік үлесі ғана жекешелендірілген. Бұл инвестиция тартуға кедергі келтіріп отыр, өйткені, жерді айналым активі ретінде тартуға мүмкіндік жоқ", деді мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен мәселесіне арналған республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде.

"Бізді жерді сату құнын "асыра аспандатып жіберді" деп жүр ғой. Мен олай деп ойламаймын. Бірақ дегенмен үкімет осы жекешелендірудің тетіктерін либерализациялау мүмкіндіктерін қайта қарасын. Ол жер сауда-саттыққа түсіп, кепілдік мүлкі ретінде нарықтық айналымға енгізілуі үшін қажет",- деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны