16.03.2016, 17:31 4316

Мемлекет басшысы "B.B.NURA" ЖШС Нефрология және эфферентті терапия орталығында болды

Нұрсұлтан Назарбаев халықтыӊ тұрмысын жақсарту үшін денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ маӊыздылығына тоқталды.

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы медициналық палаталарды аралап, орталық қызметініӊ негізгі бағыттарымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті еӊбек ұжымы өкілдерімен және облыстыӊ медицина қызметкерлерімен әӊгімелесті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев халықтыӊ тұрмысын жақсарту үшін денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ маӊыздылығына тоқталды.

- Өткен жылдар ішінде Қазақстанда 1300 денсаулық сақтау нысаны салынды. Соныӊ арқасында 10 жылда өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін ұзарды. Дағдарысқа қарамастан, 1 қаӊтардан бастап біз медицина қызметкерлерініӊ еӊбекақысын 28 пайызға көтердік. Бұл орталықтыӊ мемлекет-жекеменшік серіктестігі арқылы салынғаны өте маӊызды, мен бұл бағытты қолдаймын. Жұмысқа қажетті жағдай жасалуда, ал дәрігерлер елдіӊ игілігіне қызмет ету үшін өз біліктіліктерін арттыруы тиіс, - деді Мемлекет басшысы.

Мекеме қызметкерлері денсаулық сақтау саласын дамытуға көӊіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты, сондай-ақ таяу уақыттары Қазақстан Президентініӊ тапсырмасымен салынған жаӊа перинатальдық орталықтыӊ ашылуы жоспарланып отырғанын хабарлады.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға табыс пен бақ-береке тіледі.

Медициналық мекеме елдегі 25 аппараты бар ірі диализдік орталық болып саналады және бүйрек қызметініӊ жеткіліксіздігінен зардап шегіп отырған науқастарға толық нефрологиялық көмек көрсетуге мамандандырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны