07.12.2015, 13:55 3638

Мемлекет басшысы "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдады

Қ.Бишімбаев кездесу барысында Елбасыға холдингтіӊ 2015 жылғы қызметініӊ қорытындылары мен алдағы кезеӊге арналған жоспарлары туралы баяндады

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қ.Бишімбаев кездесу барысында Елбасыға холдингтіӊ 2015 жылғы қызметініӊ қорытындылары мен алдағы кезеӊге арналған жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттырудыӊ, шетелдік инвестиция тартудыӊ, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамытудыӊ қажеттілігіне назар аударды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қ.Бишімбаев жүзеге асырылып жатқан" Нұрлы жол" бағдарламасы аясында биыл холдинг желісі бойынша 29 мыӊ жұмыс орны ашылып, 10 мыӊнан астам шағын және орта бизнес субьектісіне қолдау көрсетілгенін, соныӊ арқасында салық түсімдерініӊ көлемі 40 миллиард теӊгеге жеткенін атап өтті. Сонымен қатар бүгінде жалға берілетін әлеуметтік баспана бағдарламасы бойынша 5,5 мыӊға жуық пәтер пайдалануға берілді, жыл аяғына дейін олардыӊ саны 7 мыӊ дейін жеткізіледі.

Холдинг басқармасыныӊ төрағасы сондай-ақ инвестиция түрінде 320 миллиард теӊге берілгенін, бұл қаражат химия, өндіріс және мұнай өӊдеу, металлургия және тамақ өнеркәсібі салаларындағы жаӊа 13 ірі индустриялық жобаны жүзеге асыруға бағытталғанын айтты.

Қ.Бишімбаев үздік әлемдік тәжірибені ескеріп, Германия, Сингапур, АҚШ, Малайзия және басқа елдердіӊ осындай бағдарламаларыныӊ үлгісімен әзірленген "Бәсекелестік көшбасшылары - Ұлттық чемпиондар" бағдарламасын жүзеге асырудыӊ аралық қорытындылары туралы да баяндады. Бүгінде оған қатысушы компаниялардыӊ бірқатары холдингтіӊ даму институттарынан қаржылық қолдауға ие алып, әзірленген бастамаларды енгізумен айналысуда.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны