28.12.2009, 10:06 2874

Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайында қойылған "Корсар" балетінің премьерасына қатысты

Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайында қойылған "Корсар" балетінің премьерасына қатысты

Астана. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында қойылған "Корсар" балетінің премьерасына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Адольф Аданның "Корсар" балеті астаналық Бейбітшілік және келісім сарайында КСРО халық артисі, Социалистік Еңбек Ері, белгілі балетмейстер Юрий Григоровичтің жаңа редакциясы бойынша қойылды.

Қойылымды сахналауға К. Бәйсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының жетекші әншісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлфайрус Құрманғожаева, халықаралық байқаулардың дипломанттары мен лауреаттары Жандос Иубәкіров, Рүстем Сейітбеков, Таир Ғатауов, Ғалия Мажағұлова, Елена Семенова, артистер Жанәділ Бейсембиев пен Жанат Сәрсембаев қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны