12.10.2015, 20:29 3680

Мемлекет басшысы Беларусь Республикасы Президентініӊ сайлауындағы жеӊісіне байланысты Александр Лукашенкоға құттықтау жеделхатын жолдады

Жеделхатта белорус халқы А.Лукашенконыӊ елді дамыту жолындағы саясатына тағы да сенім білдіргені атап өтілген

Астана. 12 Қазан. Kazakhstan Today - Жеделхатта белорус халқы А.Лукашенконыӊ елді дамыту жолындағы саясатына тағы да сенім білдіргені атап өтілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Беларусь бүгінде өз азаматтарыныӊ әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірегей әлеуметтік-экономикалық даму үлгісін табысты әрі жүйелі түрде жүзеге асыруда", - делінген құттықтауда. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ А.Лукашенконыӊ қайта сайлануы Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастарын жүйелі дамытудыӊ және екі елдіӊ ықпалдастығын еӊ алдымен Еуразиялық экономикалық одақ аясында тереӊдете түсудіӊ сенімді кепілі болып саналатынын айтты.

Соӊында Қазақстан Президенті белорус көшбасшысына мықты денсаулық және табыс тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны